Елена Рыбакина турнирді WTA рейтингі бойынша 154-орында тұрған француз Лоис Буассонмен кездесуден бастайды. Сол күні Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 112-орында тұрған неміс Татьяна Мариямен ойнайды.
Организаторлар ширек финалдың ықтимал жұптарын жариялады. Тор бойынша екінші нөмірмен егілген Рыбакина американдық Аманда Анисимовамен (алтыншы егу нөмірі) кездесуі мүмкін.
Қалған топ-ойыншылардың болжамды матчтары былай: Арина Соболенко (1) — Мирра Андреева (5), Джессика Пегула (4) — Кори Гауфф (7), Элина Свитолина (8) — Ига Швентек (3).
2022 жылы Рыбакина Қазақстаннан шыққан Үлкен шлем турнирінің алғашқы чемпионы атанды. Финалда ол Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді.