Спорт

Бублик Фрицке Уимблдон-2026 төртінші айналымында жеңілді

Әлемнің 11-ші ракеткасы және 10-шы сеянды Александр Бублик Уимблдон-2026 турнирінің төртінші айналымында планетаның 7-ші ракеткасы және 6-шы сеянды американдық Тэйлор Фрицке жеңілді.

6 шілде 2026 · 20:55·Оқу: 1 мин

Бублик Фрицке Уимблдон-2026 төртінші айналымында жеңілді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·6 шілде 2026

Кездесу үш сетте 6:7 (1:7), 4:6, 4:6 есебімен Фрицтің пайдасына аяқталды. Теннисшілер кортта бір сағат 41 минут өткізді.

Матч барысында Бублик 13 эйс орындады, бес қос қателік жіберді және үш брейк-пойнттың бірін іске асырды.

Осылайша, Қазақстанның үздік теннисшісі ширек финалдан бір қадам қалып қойды. Уимблдон-2026 төртінші айналымына шыққаны үшін ол қосымша рейтингтік ұпайлар алады.

Бұған дейін Анна Данилина турнирден үшінші айналымда шығып қалған.

Пікірлер