Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бағдарлама аясында жұмыстар жүргізілді. Мақсаты — жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және өңірлерде заманауи көлік инфрақұрылымын құру, деп хабарлады Көлік министрлігінде.
90 жылдан астам тарихы бар «Қазақстан» вокзалы толық жаңартылды. Мамандар екі жолаушы платформасын жөндеді, жаяу жүргіншілер көпірін қалпына келтірді, инженерлік желілерді жаңғыртты және айналаны абаттандырды.
Екі нысанда да мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін жағдай жасалды, күту залдары мен жолаушы инфрақұрылымы жаңартылды.
Өткен жылы облыста теміржолмен 419 мың жолаушы тасымалданды, ал жүк тасымалының көлемі 5 млн тоннадан асты. Вокзалдардың жаңартылуы өңір тұрғындары мен қонақтары үшін сапарларды ыңғайлы етеді, деп атап өтті ведомствода.