Жұмыстар тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі деп аталатын теміржол инфрақұрылымын жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілуде. Жоба Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 124 вокзалды қамтиды.
Жергілікті атқарушы органдар станциялар айналасындағы аумақтарды қосымша абаттандыруда. Вокзалдарды ауқымды реконструкциялау 2025 жылы басталып, бүкіл ел бойынша жалғасуда.