Жаңалықтар

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды

Жалғыз акционер «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың өкілеттіктерін тоқтату туралы шешім қабылдады.

8 шілде 2026 · 07:10·Оқу: 1 мин

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·8 шілде 2026

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» компаниясы хабарлады. Босатылған лауазымды кім басатыны әзірге нақтыланған жоқ.

Алдыбергенов ҚТЖ-ны 2025 жылдың шілдесінен бастап басқарды. Оған дейін ол теміржол саласында 35 жылдан астам жұмыс істеп, түрлі басшылық қызметтер атқарған.

1992–1998 жылдары Батыс Қазақстан темір жолында жүк кассирі және жүк қабылдаушы қызметтерінен бастаған. Кейін станция бастығының орынбасары және аға жол коммерциялық ревизоры болып жұмыс істеген.

1998 жылдан 2007 жылға дейін Алдыбергенов Фирмалық көлік қызмет көрсету орталығының Ақтөбе филиалын басқарған, сондай-ақ «Қазтранссервис» директоры және «ҚазМұнайГаз» сауда үйінің көлік логистикасы департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2008–2019 жылдары «Кедентранссервис» президенті, «АвтоГазАлматы» бас директоры және Kazakhmys Maker басқарма төрағасы болған. 2024 жылдан бастап ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Пікірлер