Қи қоңызы.
Қи қоңызы — табиғат санитары, себебі оған кәдімгі қи, сондай-ақ адам нәжісі азық болады.
Қи қоңызының дене ұзындығы 27 мм-ден аспайды, түсі қаралау-көк, дененің төменгі бөлігі көк немесе
күлгін, дененің өзі сопақ пішінді, үстіңгі жағы қатты дөңес. Қи қоңыздары (еркегі мен ұрғашысы) бірлесіп ұрпақ өрбіту үшін ін қазады, оған өздерінің "байлығын" жинайды, содан кейін ұрғашысы жұмыртқа салады, одан личинка шығады, ол да ата-анасы қамқорлықпен жинаған қимен қоректенеді, қыстап шыққан соң — көктемде қуыршаққа, одан қоңызға айналады. Қапшағай су қоймасында демалғандар мұндай қоңызды сөзсіз кездестірген шығар. Оларды бақылау қызық, себебі қоңыз өз салмағынан 90 есе асып кетуі мүмкін шарын сүйрейді, қи қоңызы әлемдегі ең күшті жәндік болып саналады. Кейде оған көмекке туыстары келеді, сонда олар шарды бірге домалатады, кейде күштірек қоңыз шарды әлсіздеуден жай ғана тартып алады. Қоңыздар қиды, қызық болса да, иісі бойынша табады, олардың иіс сезу мүшесі мұртшаларында орналасқан. Мынандай қызық дерек бар: XIX
ғасырдың аяғында Австралия фаунасында қи қоңыздарының болмауынан экологиялық апат орын ала жаздаған.
Туризм
Қазақстанның қоңыздары. Тезек қоңызы
Тезек қоңызы. Тезек қоңызы — табиғат санитары, өйткені оның қорегі — кәдімгі тезек, сондай-ақ адам нәжісі. Тезек қоңызының дене ұзындығы 27…аспайды…
17 қыркүйек 2014 · 18:18·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·17 қыркүйек 2014