Абай облысында Алакөл жағалауында құтқару станциясы, медициналық пункттер және қауіпсіздік кешені жұмыс істейді. Демалушылар үшін 175 қоқыс контейнері, 75 киіну кабиналары, 35 душ, 223 бейнебақылау камералары, санитарлық тораптар және құтқару инфрақұрылымының объектілері орнатылды.
Балқашта әуежай жаңғыртылып, субсидияланатын әуерейстер ашылды. Коммуналдық жағажайлар абаттандырылды, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Бурабай курорттық аймағында жаңа құтқару станциялары салынуда және қосымша урналар, қоқыс контейнерлері мен санитарлық тораптар орнатылуда.
Ведомство демалыс орындарының тазалығын тек инфрақұрылым емес, туристердің өздері қамтамасыз ететінін еске салады. Демалушылардан қоқысты тек контейнерлерге тастауды және табиғатты болашақ ұрпақтар мен ел қонақтары үшін сақтауды сұрайды.