Спорт

Қазақстанда чемпиондар мен жүлдегерлерге ынталандыру төлемдерінің шарттары нақтыланды

Спорт министрлігі халықаралық жарыстардағы нәтижелер үшін спортшыларға, жаттықтырушыларға және ұлттық құрама мүшелеріне ақшалай ынталандырулар тағайындау қағидаларын түсіндірді.

17 маусым 2026 · 15:21·Оқу: 2 мин

Қазақстанда чемпиондар мен жүлдегерлерге ынталандыру төлемдерінің шарттары нақтыланды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·17 маусым 2026

Құжат заң нормаларын біркелкі қолдануды және бюджет қаражатын мақсатты жұмсалуды қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржыландыру «жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде басым спорт түрлері» бағыты бойынша жүзеге асырылады.

Төлемдер тек жоғары жетістіктер спорты жүйесіне жататын, ресми мәртебесі бар, бекітілген тізімге енгізілген және қажетті құжаттармен расталған халықаралық жарыстардағы нәтижелер үшін ғана төленеді.

Ересектер арасындағы әлем чемпионаттарында ынталандыру төлемдері олимпиадалық, паралимпиадалық және сурдлимпиадалық түрлер бойынша төленеді. Олимпиадалық емес пәндер бойынша нақты пәнде немесе салмақ дәрежесінде кемінде жиырма елдің өкілдерінің қатысуы талап етіледі.

Турнир атауы мен алған орын ғана емес, оның ресми мәртебесі, халықаралық федерация күнтізбесіне енгізілуі және оның қамқорлығымен өткізілуі маңызды. Қаражат республикалық бюджет шегінде бөлінеді және қаржы жылы аяқталғанға дейін игерілуі тиіс.

Бұған дейін министрлік Бибисара Асаубаеваның осы мәселе бойынша өтінішіне жауап берген болатын.

Пікірлер