Кирилл Проходов датчанин Конрад Констадты 15:9 есебімен жеңіп, 16 үздіктің қатарына шықты.
Руслан Курбанов 1/32 финалда жапон Риу Мацумотоға қарсы кездесті. Қарсылас — Ханчжоу-2023 Азия ойындарының командалық қылышпен чемпионы және әлем кубоктарының бірнеше дүркін жүлдегері. Курбанов қосымша минутта 9:10 есебімен жеңілді.
Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:05-те Проходов ширек финалға шығу үшін жекпе-жек өткізеді.
Бұған дейін қазақстандық қылышшылар Гонконгтегі әлем чемпионатында топ-32-ге енген болатын.