61 кг салмақ дәрежесінде Асыл Айтакын мен 74 кг-да Нұрқожа Қайпанов алтын медальдар үшін күресін жалғастырады.
Финалда Айтакын түрік Тоглы Озбекпен кездеседі, ал Қайпановқа қытайлық Фэн Лумен жекпе-жек өткізуі тиіс.
57 кг салмақта Нұрданат Айтанов канадалық Тимоти Левайнға қарсы үшінші орын үшін жекпе-жек өткізеді.
Жұбаныш жекпе-жектерінен кейін қола медальға үміткер қазақстандықтар саны артуы мүмкін. Жарыстың финалдық блогы бүгін өтеді.