Белуха тауы — Таулы Алтайдың ең биік нүктесі, 4509 м. Тау Қазақстанның солтүстік-шығысында, Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Белуханың формасы бұрыс
пирамидаларға ұқсас екі шыңы бар, шыңдардың беткейлері тік әрі жарлауытты, 300-500 метр төменде қармен жабылған ер тәрізді белдеу жатыр. Белуха шыңы — қуатты тау массиві. Ол көрші жоталардан 200 метрден астам биікке көтеріледі, абсолюттік биіктік бойынша бірінші орын дәл соған тиесілі. Таудың беткейлері мәңгілік қарлармен және мұздықтармен жабылған. Белуха тауы альпинистер мен тау туризмі үшін қызығушылық тудырады. Жыл сайын Ресейден Қазақстанға және Қазақстаннан Ресейге келетін туристер ағыны артып келеді, көбісі өтпелі маршруттармен жүреді. Белуха ежелден құпиялар мен аңыздар шырмауымен оранған. Көбісі сол жерде бір жұмақ бар, ол адамдар жойылғаннан кейін орнайды деп санайды.