Шұғыл шақыруға шыққанда жүйе автоматты түрде бағдаршамдардың жұмысын үйлестіреді және қозғалыс бағыты бойынша жасыл дәліз қалыптастырады.
Шымкент әкімдігінде түсіндіргендей, бұл механизм бригадалардың шақыру орнына жету уақытын қысқартады және науқастардың өмірі мен денсаулығын сақтау мүмкіндігін арттырады.
Бүгінгі таңда ITS қаланың 354 бағдаршамын қамтиды. Жүйе нақты уақыт режимінде көлік ағындарын талдайды, қозғалысты ұйымдастыруға және жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға көмектеседі.