Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Азирбектің айтуынша, осы уақыт ішінде закладчиктердің қызметін де тоқтатуға қол жеткізілді.
Жол қауіпсіздігі
Жолдардағы бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. Қозғалысқа қатысушылардың 1,4 миллионнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мыңнан астам жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталды, ал 1400-ден астам адам жүргізу құқығынан айырылды.
Қаланың негізгі магистральдарында сүзгі бекеттері жұмыс істейді, олар өрескел бұзушылықтарды анықтауға және іздеудегі көлікті табуға көмектеседі.
Бейнебақылау
Қалада 200 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 73 мыңнан астамы Оперативтік басқару орталығына қосылған, ал 19 мыңнан астамы бейнеаналитика және жасанды интеллект функцияларымен жабдықталған.
Қабылданған барлық шаралар Алматы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық тәртібін сақтауға бағытталған.