Астанада күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Алматыда да қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.
Абай облысында түнде және күндіз жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал күтіледі. Жел 25 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде ыстық 35 градусқа жетеді, ал төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысында жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болады. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді, температура 35–37 градусқа дейін көтеріледі.
Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ыстық 38–41 градус құрайды. Бұл өңірлерде де жаңбыр мен найзағай, бұршақ болжанады, жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде бұршақ және шквал болады. Жел 20–25 м/с-қа дейін күшейеді, оңтүстік-шығыс пен шығыста жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстары мен Ұлытау облысында ыстық 35–40 градусқа жетеді. Таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай, жел 20 м/с-қа дейін, жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде бұршақ болады. Кей аудандарда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, шығыс пен оңтүстікте жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз жағдайлар табиғи өрттердің қаупін арттырады, сондықтан тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.