Прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Іс аясында шекара маңы аймағында жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаған қылмыстық топ анықталды.
Заңсыз делдалдық қызметтен түскен қаражаттың бір бөлігі лауазымды тұлғаларға пара ретінде берілген. Осы фактілер бойынша тергеу ҚР ҚК 366 және 367-баптары бойынша жүргізілуде.
Схемаға 23 адам қатысы бар, олардың бесеуі қамауда отыр.
Қаражатты шетелге шығару
Прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті жақын және алыс шетелдердегі жалған кәсіпорындар арқылы шамамен 200 млрд теңге заңсыз шығарылғанын анықтады. Тергеу ҚР ҚК 235-1-бабының 3-бөлігі бойынша басталды.