Жаңалықтар

Шымкентте сегіз жасар оқушы қызға тиіскен іс қайта тергеуге қайтарылды

Шымкент сот алқасы үкімді күшін жойып, сегіз жасар оқушы қызға тиісу ісінің материалдарын тергеу сатысына қайтарды.

22 маусым 2026 · 15:53·Оқу: 1 мин

Шымкентте сегіз жасар оқушы қызға тиіскен іс қайта тергеуге қайтарылды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·22 маусым 2026

Шағымды қарау барысында прокуратура өкілі сотқа дейінгі тергеу органдары мен бірінші инстанция соты істің мән-жайын дұрыс бағаламағанын айтты.

Сот алқасы тараптардың дәлелдерін зерттеп, Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімін күшін жойды. Материалдар қайта тергеуге қайтарылды.

Бұған дейін сот 56 жастағы ер адамды ҚР ҚК 121-1-бабы бойынша кінәлі деп танып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салған. Зардап шеккен тарап мұндай саралаумен келіспей, бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР ҚК 124-бабын талап еткен.

Оқиға Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бейнебақылау камералары ер адамның үшінші сынып оқушысын өз пәтеріне апаруға тырысқанын тіркеген.

Пікірлер