Жаңалықтар

Қызылорда облысында бес елді мекеннің әкімі сайланды

Өткен жексенбіде Қызылорда облысында Арал қаласының, Шиелі кентінің, сондай-ақ Жиделіарық, Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтерінің әкімдері сайланды.

22 маусым 2026 · 15:44·Оқу: 2 мин

Қызылорда облысында бес елді мекеннің әкімі сайланды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·22 маусым 2026

Арал ауданында Арал қаласының әкімі лауазымына төрт кандидат үміткер болды. Дауыс беруге 22 989 сайлаушының 18 847-і қатысты. Тағы 213 адам үй-жайдан тыс дауыс берді, 22 бюллетень жарамсыз деп танылды. Жеңіске аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімін басқарған Ренат Жанаев қол жеткізді. Ол өзін-өзі ұсынған тәртіппен үміткер болды.

Шиелі ауданында Шиелі кентінің әкімі лауазымына үш кандидат таласады. Жеңімпаз Аманкелді Омирали болды. Жиделіарық ауылдық округінде үш үміткердің ішінен Ерлан Әбілдашев әкім болып сайланды.

Жалағаш ауданында екі ауылдық округтің әкімдері сайланды. Ақсу округінде үш кандидаттың ішінен Мейрамбек Сығайбаев жеңіске жетті, Жаңаталапта — Қуаныш Әбдіқалықов. Барлық сайланған әкімдер өзін-өзі ұсыну тәртібімен үміткер болды.

Пікірлер