Жаңалықтар

Ақтауда арнайы операция кезінде 20 кг-ға жуық марихуана тәркіленді

Полиция қызметкерлері мен Маңғыстау облысы ДКНБ-ның қызметкерлері Ақтауда операция жүргізіп, 20 кг-ға жуық марихуананы тәркіледі.

24 маусым 2026 · 09:52·Оқу: 2 мин

Ақтауда арнайы операция кезінде 20 кг-ға жуық марихуана тәркіленді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·24 маусым 2026

Шара республикалық «Қарасора» және «Дәрмек» бағдарламалары аясында өтті. Операцияға Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы, өңір бойынша ДКНБ-ның 5-ші басқармасы және облыс прокуратурасы қатысты.

Ақтаудағы базарлардың бірінде есірткіні аса ірі мөлшерде сақтауға күдікті ер адам ұсталды. Ол пайдаланған қойма үй-жайын тінту кезінде өсімдік тектес есірткі заттары табылды.

Қосымша есірткі бар орамалар мен оны тұтынуға арналған құралдар күдіктінің тұрғылықты жерінен табылды. Кейін жедел қызметкерлер оқиғаға қатысы бар деп болжанған тағы бір адамды анықтап, ұстады.

Сот сараптамасы тәркіленген заттың марихуана екенін растады. Жалпы салмағы 20 кг-ға жуық болып, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Негізгі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Пікірлер