Найзағайлы жаңбыр күтіледі, кей жерлерде қатты жауын-шашын және бұршақ болады. Ел бойынша жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
2 және 3 шілдеде оңтүстік пен оңтүстік-шығыста желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
Күндіз батыс пен оңтүстік-батыста ауа 31-38 градусқа дейін қызады, солтүстік-батыста — 27-35 градусқа дейін. Солтүстік пен орталықта температура 18-28 градусқа дейін төмендейді. Шығыста 30-37 градус ыстық сақталады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25-35 градус болады.