Қасым-Жомарт Тоқаев авиациялық хабтарды дамытуды көлік және логистика саласындағы стратегиялық басымдықтардың бірі деп атады. Ол Groupe ADP компаниясының Алматы әуежайы инфрақұрылымын басқаруға қатысуы табысты серіктестіктің үлгісі болғанын атап өтті.
Компания жаңа халықаралық терминал салды, инфрақұрылымды жаңартты және жолаушылар ағынын жылына 14 миллион адамға дейін жеткізді. Филипп Паскаль 2050 жылға дейінгі әуежайды дамыту бас жоспарының іске асырылу барысы туралы айтып, ол жолаушылар өткізу қабілетін жылына 55 миллион адамға дейін арттыруы тиіс екенін атап өтті.
Тараптар жаңа бірлескен жобаларды, соның ішінде аймақтық әуежайларды дамытуды талқылады. Groupe ADP басшысы мемлекет авиациялық инфрақұрылымның жұмысы үшін қолайлы нормативтік-құқықтық база құрып жатқанын атап өтті.
Президент Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалының жекелеген аспектілері бойынша келісімнің Брюссельге сапар кезінде қол қойылуы саланың дамуы үшін маңызды қадам болатынына сенім білдірді.