Хабарламада Президент Әмірмен, оның отбасымен және Қатар азаматтарымен қайғы-қасіретті бөлісуге дайын екенін білдірді.
Жеделхатта шейх Хамад бен Халифа Әл Тани елдің өркендеуіне негіз қалап, халықаралық тұрақтылыққа үлес қосқаны айтылады. Қазақстандықтар оны екі мемлекет арасындағы байланыстарды нығайтқан дана басшы әрі саясаткер ретінде есте сақтайды.
Бұған дейін бұрынғы Қатар әмірі дүниеден озғаны белгілі болды. Оның тұсында ел сұйытылған табиғи газдың ірі экспорттаушыларының қатарына еніп, әлемдік аренадағы позициясын күшейтті.
Қатарда төрт күндік жалпыхалықтық аза тұту жарияланды. Мемлекеттік мекемелер уақытша жұмысын тоқтатады.