Өңір басшысы бұрынғы әкім Мәжит Самитовқа жұмысы үшін алғыс білдіріп, оған облыстың құрмет грамотасы мен «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін тапсырды.
Ғалымжан Жарқынбекке инвестициялар тартуға, салық базасын кеңейтуге, жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға назар аудару тапсырылды. Сондай-ақ, оған қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және жаңа жобаларды сапалы іске асыру міндеті жүктелді.
Ғалымжан Жарқынбек 1978 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «агрономия» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Қазагрэкс» мемлекеттік кәсіпорнында бас маман болып бастаған, кейін ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеген. 2009 жылдан 2021 жылға дейін облыстық аумақтық инспекция бөлімінің бастығы, Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы және Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдың қаңтарынан тағайындалғанға дейін Жаңақорған аудандық мәслихатын басқарған.