Көктөбедегі аспалы жол қашан ашылады? Мұндай сұрақ көптеген алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарын қызықтырады. Өйткені қыркүйекте Көктөбе аспалы жолын реконструкциялау басталды.28 мамырда Көктөбе дирекциясы мен француз РОМА компаниясы арасында жаңа гондолалы жол салу туралы меморандумға қол қойылды. Осылай 2015 жылдың көктемінде алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарын Көктөбеге жайлы он орынды кабиналар тасымалдайтыны жоспарланған. 17 вагончик іске қосу жоспарланған, жолда жүру уақыты 6 минут болады, аспалы жолдың жерден ең биіктігі 80 метрден аспайды. Ал ескі ретростильдегі кабиналар енді Көктөбе саябағын экспонат түрінде безендіретін болады. Жаңа жолмен жүру бағасын көтеру жоспарланбаған. Реконструкция кезінде саябақ, хайуанаттар бағы, балалар алаңдары мен мейрамханалар сол режимде жұмысын жалғастырады әрі сіздерді қарсы алуға қуанышты. Қазақстанда емделу
Жаңалықтар
Көктөбедегі аспалы жол қашан ашылады?
Көктөбедегі аспалы жол қашан ашылады? Бұл сұрақ көптеген алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарын қызықтырады. Себебі қыркүйекте реконструкция басталды…
12 қазан 2014 · 12:01·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·12 қазан 2014