Тараптар мамандарды дайындауға ерекше назар аударды. Қыркүйекте Қазақ ұлттық су шаушылығы және ирригация университеті Солтүстік Қытай су ресурстары және электр энергетикасы университетімен бірлескен білім беру бағдарламасын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қазақстандық студенттерге қытайлық жоғары оқу орнында гранттар бөлу туралы келіссөздер жүргізілуде.
Сондай-ақ, Таразда оқу орталығын ашу мәселесі пысықталуда. Ол Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында Қытайдың «Үш шатқал» электр энергетикасы кәсіптік колледжімен бірлесіп құрылады.
Мамыр айында су шаруашылығы саласының қазақстандық мамандарының алғашқы тобы Қытайға аттанды. Семинар екі меморандум бойынша өтті — «Қазводхоз» пен Power China International Group Limited арасында, сондай-ақ екі елдің су шаруашылығы министрліктері арасында. Қытай тарапы шығындарды толық өтеген. Жыл соңына дейін ҚХР-да шамамен 200 адам оқиды.
Сонымен қатар, кездесуде Қытай компанияларының Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларына қатысуы және трансшекаралық су бөлісу бойынша келіссөздердің барысы қозғалды.