Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық банктер мен финтех-компаниялар пайдаланушылар мен бизнестің қаржылық қызметтер, сауда және мемлекеттік сервистер арасында еркін ауысуына мүмкіндік беретін ыңғайлы экожүйелер қалыптастырғанын атап өтті.
Соңғы бес жылда электрондық коммерция көлемі сегіз есеге жуық өсіп, 3,7 триллион теңгеге жетті. Бұл елдегі барлық бөлшек сауданың шамамен 15%-ын құрайды.
Президенттің айтуынша, мұндай көрсеткіштер адамдардың цифрлық сервистерге деген сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді. Қарқынды сақтау үшін мемлекет инфрақұрылымды озық қарқынмен дамытуы тиіс.
Маңызды қадамдардың бірі – мемлекеттік басқаруда, экономикада және ұлттық қауіпсіздік саласында жасанды интеллектті қолдануға мүмкіндік беретін қуатты суперкомпьютерлердің пайда болуы. Алайда ЖИ жұмысы үшін орасан зор энергия мен есептеу қуаттары қажет.
Сондықтан Тоқаев «Деректер орталықтары алқабы» мегажобасын іске қосуды негізгі міндет деп атады. Жоба әлемнің жетекші технологиялық корпорацияларын тартуы тиіс, ал президент оның орындалуын жеке бақыламақ.
Бұған дейін парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаның басталғаны туралы хабарлады. Осы мақсаттарға ағымдағы жылы 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлінген.