БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, көлік ағыны маусымдық көкөніс өнімдерін экспортқа шығаруға байланысты артқан. Қосымша жағдайды Ресей шекарасы жағынан өткізу қабілетінің шектеулілігі қиындатып отыр.
Өткізу пункті арқылы регламент бойынша сағатына 25 жүк көлігінен немесе тәулігіне 500 көліктен артық өткізілмейді. Бұл цифрлар Ресей шекара қызметінің өкілдерімен кездесуде расталды.
Өткізу пунктінің жаңғыртылуы
«Сырымда» жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Мердігер Қазақстанға кіру үшін екі жолақты уақытша жабуды жоспарлап отыр. Кіру елден шығуға арналған бір жолақ арқылы ұйымдастырылады. Пункттің жұмыс алаңы жеті гектардан бір жарым гектарға дейін қысқарады.
Ведомствода жөндеу жұмыстары көліктің өтуін баяулатуы мүмкін екенін атап өтті. Осы бағыттағы жүк көліктерінің осындай шоғырлануы бір ай бұрын да байқалып, екі аптадан астам уақытқа созылған.