Бүгінгі таңда Қазақстанның энергожүйесі 254 генерация көзін қамтиды, оның 172-сі жаңартылатын энергия көздеріне жатады. Жалпы орнатылған қуаты 27,1 ГВт құрайды.
Іске қосу жоспарланған 13,3 ГВт жаңа қуаттардың 12,56 ГВт-ы жаңа генерацияға тиесілі болады. Министрдің сөзіне қарағанда, бұл 2027 жылдың басынан бастап экономиканың электр энергиясына деген барлық қажеттілігін қамтамасыз етуге және профицит қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2029 жылға дейінгі қосымша генерация экономика мен халықтың қажеттіліктерін, соның ішінде жасанды интеллекттің энергияны көп қажет ететін инфрақұрылымын және ірі деректерді өңдеу орталықтарын қамтамасыз етуі тиіс.
2035 жылға дейінгі саланы дамыту жоспары жалпы 26,3 ГВт қуаттарды іске қосуды көздейді. Бұл қолданыстағы станцияларды жаңғырту, жаңа нысандар салу, жаңартылатын энергетика дамыту және атом электр станциясы жобасын іске асыру есебінен жүзеге асырылады.