Бұзушылықтардың жалпы көлемі 82 млрд теңгеден асты. Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар 93 млрд 574 млн теңгені құрады.
Камералдық бақылау барысында 9 316 мемлекеттік сатып алу процедурасы тексерілді. 1 092 сатып алуда 22 млрд 571 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Барлық жағдай бойынша 1 092 нұсқама жіберілді. Барлық нұсқамалар толық орындалды.
327 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 25,8 млн теңгені құрады, оның ішінде 23,8 млн теңге бюджетке түсті.