Экономика

Сауда қорытындысы бойынша доллар 491,37 теңгеге дейін өсті

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 491,37 теңгеге жетіп, 2,04 теңгеге өсті.

15 маусым 2026 · 10:57·Оқу: 1 мин

Сауда қорытындысы бойынша доллар 491,37 теңгеге дейін өсті
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·15 маусым 2026

Ұлттық банктің 15 маусымға ресми бағамы 489,33 теңге болды.

Астана айырбастау пункттерінде долларды 487 теңгеден сатып алады, 494 теңгеден сатады. Еуро 564–574 теңге аралығында саудаланады, рубль — 6,40–6,70 теңге.

Алматыда америкалық валютаны 489,98 теңгеден қабылдап, 492,35 теңгеден береді. Еуро 569,07–574,12 теңге тұрады, рубль — 6,50–6,62 теңге.

Шымкентте долларды орта есеппен 490,39 теңгеден сатып алады, 492,52 теңгеден сатады. Еуро 566,96–572,56 теңге шегінде, рубль — 6,55–6,62 теңге.

Бір күн бұрын, 12 маусымда, доллардың орташа өлшенген бағамы 1,44 теңгеге өскеннен кейін 489,33 теңге болды.

Пікірлер