2 шілдеде сағат 15:00-де Байқоңыр ауданындағы Жазушылар аллеясында «Алтын домбыра» ансамблі өнер көрсетеді. Музыканттар қазақтың аспаптық шығармаларын орындайды.
3 шілде
Сағат 19:00-де Нұржол бульварында ашық микрофон форматында Dombyra Party өтеді. Кез келген тілек білдіруші күй тарта немесе халық әнін айта алады.
5 шілде
Сағат 17:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Асыл мұра» концерті өтеді. Бұл тыңдаушыларды дәстүрлі ән және күй өнерімен таныстыратын жобаның бесінші рет өткізілуі. Бағдарламада Сарыарқа, Сырдария, Жетісу, Алтай-Тарбағатай және Батыс Қазақстан мектептерінің шығармалары орындалады.
Сахнада «Қорқыт» ансамблі, «Шалқыма» би ансамблі, «Дала Sound» квартеті және Еркеғали Рахмәдиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның хоры өнер көрсетеді.
Сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін астаналық амфитеатрда балаларға арналған шеберлік сыныптары мен интерактивті сабақтары бар тақырыптық алаңдар жұмыс істейді. Сағат 20:00-де онда концерттік бағдарлама басталады.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев домбыра қасиетті ұлттық құндылық ретінде Қазақстанның әлемдік аренадағы бірегей брендіне айналуы тиіс деп мәлімдеген.